Білім беру бағдарламасы

№

Білім беру бағдарламасының атауы

Берілетін дәреже

Жұмыс орны

1

6В05101 – «Биотехнология» (Оқу мерзімі – 4 жыл)

Бакалавр

«Биотехнология» білім беру бағдарламасының түлектері фармацевтика, тамақ, медицина және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында өндірістік-технологиялық және эксперименттік-зерттеу бағыттары бойынша жұмыс істей алады.

2

7М05101 – «Биотехнология» (Оқу мерзімі – 2 жыл)

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Магистр дәрежесін алғаннан кейін түлектер тамақ өнеркәсібінің әртүрлі секторларында, медициналық және фармацевтикалық компанияларда, ауыл шаруашылығында, білім беру саласында, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет бағыттарында жұмыс істей алады.

3

8D05101 – «Биотехнология» (Оқу мерзімі – 3 жыл)

Философия докторы (PhD)

Докторлық дәрежені алғаннан кейін түлектер тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің әртүрлі секторларында, медициналық және фармацевтикалық компанияларда, ауыл шаруашылығында, білім беру саласында, ғылымда, ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызмет бағыттарында жұмыс істей алады.

4

6B07208 – «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің технологиясы»

Бакалавр

«Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің технологиясы» білім беру бағдарламасының түлектері парфюмерлік-косметикалық, химия, фармацевтика және биотехнология өнеркәсібі кәсіпорындарында, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, сынақ және сертификаттау ұйымдарында жұмыс істей алады.

 

Білім беру бағдарламаларын іске асыруға тамақ, биотехнология және қайта өңдеу өнеркәсібі салаларын ұсынатын жұмыс беруші ұйымдар мен серіктес компаниялардың өкілдері белсенді түрде тартылған. Олардың қатарында: «Қазақ тағамтану академиясы» ЖШС, «Карлсберг Қазақстан» ЖШС, «Галанцботлерс» АҚ, «Шин-Лайн Компаниясы» ЖШС, «Бахус» АҚ, «Лотте Рахат» АҚ, «Адал Сүт Агроөнеркәсіптік Компаниясы» АҚ, «Бірінші Сыра зауыты» ЖШС, «Маслодель» ЖШС, «ОБИС Компаниясы» ЖШС, «JLC Молоко» ЖШС, «Компания ЛТД» ЖШС, «Компо Фрукт», «Эфес Қазақстан» АҚ, «Кока-Кола Қазақстан» ЖШС, «Лакталис» ЖШС бар.

Мамандарды даярлаудың ғылыми-білім беру құрамдас бөлігін қамтамасыз етуде бейінді ғылыми-зерттеу ұйымдары маңызды рөл атқарады. Олардың қатарында Микробиология және вирусология институты, М. А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты, Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты, Адам және жануарлар физиологиясы институты, Өсімдіктер биологиясы және биотехнология институты бар.

Кафедраның жұмыс берушілермен өзара іс-қимылы оң динамикамен және әріптестік қатынастардың тұрақты дамуымен сипатталады. Кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдардың өкілдері білім беру процесінің сапасын жетілдіруге тікелей қатысады: білім беру бағдарламаларын талқылауға және өзектендіруге, бітіру біліктілік жұмыстарының тақырыптарын келісуге, өндірістік практикаларды ұйымдастыруға және өткізуге тартылады. Сонымен қатар, жұмыс берушілердің өкілдері мемлекеттік аттестаттау комиссияларының құрамына кіреді, түлектердің кәсіби құзыреттерін бағалауға қатысады, сондай-ақ университеттің ғылыми, білім беру және кәсіптік бағдар беру іс-шараларына тұрақты түрде шақырылады.

Мұндай өзара іс-қимыл білім беру процесінің еңбек нарығының нақты қажеттіліктерімен тығыз байланысын қамтамасыз етеді, мамандарды практикалық бағдарланған даярлауға және түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Түлектерді жұмысқа орналастыруға арналған кәсіпорындар мен ұйымдар ретінде төмендегілерді қарастыруға болады:

Кәсіпорын

Қызмет бағыты

«АРОМАТ» ЖШС (APOMAT)

Парфюмерия өндірісі

«INIT Cosmetics Holding» ЖШС

Косметикалық өнімдер өндірісі

«Telli Öndiris» ЖШС

Жуғыш және косметикалық құралдар өндірісі

«ГАЛА-КОСМЕТИК И К» ЖШС

Косметикалық құралдар өндірісі

«КазБАД» ЖШС

Косметикалық өнімдерді қоса алғанда, келісімшарттық өндіріс

«VITA-VENT» ЖШС

Парфюмерлік-косметикалық өнімдер

«АГАТОН» ЖШС

Парфюмерлік-косметикалық өндіріс

«PARFUMER KAZAKHSTAN» ЖШС

Парфюмерлік өнімдер өндірісі

 

6В07208 – «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің технологиясы» білім беру бағдарламасының түлектері парфюмерлік-косметикалық өнімдерді әзірлеу, өндіру, сапасын бақылау және қауіпсіздігін бағалау салаларында қызмет атқаруға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттерге ие. Әлеуетті жұмыс берушілер қатарына парфюмерлік-косметикалық, химия, фармацевтика және биотехнология өнеркәсібінің кәсіпорындары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, сынақ зертханалары, стандарттау және сертификаттау орталықтары, сондай-ақ сауда-өндірістік компаниялар жатады.

Мамандарды даярлау инновациялық рецептураларды әзірлеу, косметикалық шикізатты таңдау және бағалау, технологиялық процестерді жетілдіру, сапаны бақылаудың заманауи әдістерін енгізу және дайын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларында құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

 

Галерея

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз